Ақтөбе облысында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 380 жоба жүзеге асырылатын болады


2017 жылы Ақтөбе облысында ШОБ-тің белсенді әрекет етуші субъектілерінің саны 4,9% өсіп, 50 мың бірліктен асты. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев тұрғындармен есептік кездесуі кезінде мәлімдеді.

Оның мәліметінше, кәсіпкерлер белсенділігінің өсуіне ШОБ саласымен айналысатын адамдар санының 6,8% немесе135,7 адамға көбеюі себеп болып отыр. Өткен жылдың тоғыз айы ішінде кәсіпкерлер 493 млрд теңгенің өнімін шығарған.

«Өңірдегі бизнестің дамуына мемлекеттің қаржылай қолдауы себеп болды. Осы мақсатқа өткен жылы 2,8 млрд теңге бөлінген болатын. Соның ішінде «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 1,5 млрд. теңге аударылды. Бағдарлама бойынша 323жоба қаржыландырылды, бұл өткен жылға қарағанда 61 жобаға артық», — деп түсіндірді Б.Сапарбаев.

Бұған қоса, өңірде сауда саласының дамығандығы байқалады. Жыл қорытындысы бойынша бөлшектік тауарайналым 6,3% өсті және рекордтық деңгейге жетіп, 561 млрд теңгені құрады.

Осы жылы билік бизнес жағдайын әрі қарай жақсартуға күш жұмсамақ. Осы мақсатта «Кедергісіз бизнес» жобасы жүзеге асырылады. «БЖК-2020» бағдарламасы аясында кем дегенде 380 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Пікір қалдырыңыз