Ақтөбе «ақылды қалаға» айналады

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында «ақылды қалалардың» өңірлік дамудың, инновациялар мен елдің барлық аумақтырында өмір сапасын арттырудың қозғаушы күшіне айналатындығы айтылған. Аталмыш тапсырманы орындап, Ақтөбе экономкасын цифрландыру мақсатында «Smart Aktobe» жобасы жүзеге асырылуда.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындармен есептік кездесуі кезінде жобаның негізгі мақсат-міндеттері туралы айтып берді.

«Біз «ақылды қаланың» бірыңғай жүйесін интегралдайтын қауіпсіз қала, цифрлық әкімдік, білім беру жүйесі, цифрлық энергетика және ТКШ, зияткерлік көлік жүйесі мен цифрлық медицина сынды алты негізгі бағытын анықтадық», — деді ол.

Жобаны құрылысы осы жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында басталатын жаңа ақпараттық технологиялар орталығы жанынан жүзеге асыру жоспарланып отыр. Орталық жұмысы сондай-ақ, стартаптар мен дамып келе жатқан ІТ-компаниялар үшін барынша қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Өңір басшысының айтуынша бүгінгі күні барлық қоғамдық және коммуналдық көлік құралдары GPS-трекерлермен жабдықталған, мониторингті диспетчерлік қызмет жүргізеді. Автобустардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін «AktobeBus» мобильдік қосымшасы іске қосылды.

Медицина саласында қала тұрғынының бірыңғай медициналық картасын, дәрігер қабыладуына электронды жазылу және т.б. жасау жоспарлануда.

«Қауіпсіз қала» бағыты бойынша 700 бейнекамера, отыз зияткерлік торабын, желілік участоктардың фотофиксацияларының 15 жүйесін орнату жоспарланып жатыр.

Нұр Ақтөбе шағын ауданында ХҚКО, қаланың тіршілігін қамтамасыз ету және инженерлік желілерді бақылау, ІІД-нің жедел басқаратын резервтік орталықтары орналасатын энергия тиімділігі орталығын пайдалануға беру жоспарлануда.

Пікір қалдырыңыз