Ақтөбенің қыздары Мысыр, Вьетнам, Чехия, Йемен елдеріне ұзатылып жатыр

Ақтөбе АХАТ бөлімінен тараған мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы Ресей, Өзбекстан елінің азаматтарымен некеге отыру дерегі жиі тіркелген.

Былтыр Ақтөбе АХАТ бөлімінде 137 жұп тіркелген. Көршілес Ресей мен Өзбекстан елінен бөлек Түркия, Германия, Египет, Израиль, Въетнам, Ұлыбритания, Чехия, Йемен Республикасына ұзатылып жатқандар арасында қазақ қыздары бар.

Жыл басталғалы қазақ қызы түрік жігітімен некеге отырды. АХАТ бөлімінен хабарлағандай, жас жұбайлардың қалауы бойынша олардың салтанатты некеге отыру рәсімі қазақ тілінде өткен.

Пікір қалдырыңыз