Ақтөбе қаласында аукцион қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке 38 млн теңге түсті


Өнеркәсіптік–азаматтық нысандар құрылысы үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион өтті. Оған жалпы аумағы 4,6 гектар 8 жер учаскесі шығарылды. Бастапқы құны 5,8 млн.теңге, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Қала және ауылдық округтерінің аумағында 3 жылға жалға беру жер учаскелерінің тізбесі көп қабатты тұрғын үйлердің, сауықтыру кешенін, авто қызмет көрсету кешенін, дәрігерлік амбулатория, демалыс базасын (жағажай) орналастыру және қызмет көрсетуді қамтиды. Жалпы жер учаскелерінің көлемі 3,8 га құрайды. Аукцион қорытындысы бойынша көлемі 3,8 га құрайтын, 7 жер учаскесі 38 млн теңгеге сатылды. Бүгінгі күні 1 жер учаскесі өткізілмеді, қайтадан аукционға шығарылады.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаевтың айтуынша, мәселен, «Нұр-Ақтөбе» тұрғын массивіндегі 154,0 мың теңгенің сауықтыру кешені 22,6 млн.теңгеге сатылды. Батыс-2 шағын ауданында көп қабатты тұрғын үй орналастыру және қызмет көрсету үшін жер телімі бастапқы құны 598,0 мың теңге болатын 7,8 млн. теңгеге өтті.

Жер учаскелері 3 жылға жалға беріледі.

Әкімдіктен хабарлағандай, жер қатынастары саласында ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, Ақтөбе қаласында аукцион арқылы өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өткен жылы аукцион арқылы 379,41 млн теңгеге жалпы көлемі 57,2 га 99 жер учаскесі сатылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Пікір қалдырыңыз