52 өзбек азаматының қазасынан кейін тексеру: Ақтөбе жолдарында тексеруден өтпеген автобустар әлі де анықталып жатыр

«Автобус» жедел-профилактикалық іс–шарасы барысында қауіпсіздік ережесін бұзған 900 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбелік полицейлер бір айға созылған тексеру қорытындысын жариялады. Іс–шараның мақсаты — жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті күшейту және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің бұзуылуын алдын алу.

Облыс жолдарында 846 жол қауіпсіздігі ережесі бұзылғандығы анықталды. Тарқатып айтар болсақ, 3 жүргізушінің еңбек және демалыс уақыты ережесі бұзылған, халықаралық 2 автобуста жолаушылар тізімі болмаған. 7 көлік рейс алдында техникалық және медициналық тексеруден өтпеген, 164 жүргізуші рөлде телефонмен сөйлескен. 72 автобус жүргізушісінде куәлік болмапты.

Пікір қалдырыңыз