Ауған соғысының ардагері Ақтөбеде патриоттық орталық құрылғанын қалайды


Белгілі спорт жанашыры және «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев облыста жастарға тағылымды тәрбие беретін орталық керек екенін жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Жастар спортпен шұғылдансын, өзгелерден артта қалмасын» деп жүйелі түрде қаржы бөліп тұратын ауған соғысының ардагері, әрі кәсіпкер Марат Қойлыбаев өскелең ұрпақты рухани адамгершілік қасиеттерге баулу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Болашақтағы арманымен де бөліскен болатын.

«Өсіп келе жатқан жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін орталық құрсам деген арманым бар. Өзім сонда қызмет атқарып келешек ұрпағымызды патриоттық тәрбиелеуге үлесімді тигізсем», — дейді Марат Қойлыбаев.

Пікір қалдырыңыз