ақпан 16, 2018

Ақтөбелік спортшылар патриоттық тәрбие беруге арналған жиынға қатысты

Ақтөбеде «Сананы жаңғыртудағы ұлағатты істер» тақырыбында конференция өтті. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев рухани тәрбие беру кезінде спортшылардың салмағы басым екенін жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысындағы спортшылардың бәрі бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған маңызды тақырыптарды талқылады. «Сананы жаңғыртудағы ұлағатты істер» тақырыбында өткен конференция Жолдауды насихаттауға және Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. «Жас спортшылардың еліне деген сүйіспеншілігін, патриоттыққа тәрбиелеу, рухани дамыту, адами құндылықтарды бойларына сіңіру үшін кешенді

25 дүркін Қазақстан чемпионы атанған ақтөбелік жарақатына байланысты рекорд жаңарта алмаған

Ақтөбе қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров Қазақстан чемпионатында екі гір тасын 80 рет көтерді. Бүгін, 16 ақпан күні гір көтеруден 25 дүркін Қазақстан чемпионы атанған ақтөбелік Евгений Гончаров туған қаласына оралды. Ол тілшілерге сұхбат беріп, қалайша рекорд жаңарта алмағанын түсіндірді. «Мен ұзақ цикл бойынша гір көтеруден 16 жыл бойы ешкімге дес бермей келемін. Ұзақ цикл дегеніміз — гір тастарын белден төмен түсіріп, басыңнан асыру. Әр гір тастың салмағы —

Ақтөбеде ірі қарадан бруцеллез ауруы шыққан соң ауыл тұрғындары тексеріліп жатыр

Ақтөбенің Ойыл ауданында ірі қара малдан бруцеллез дерті анықталып, қазір тұрғындардан қан алына бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2011-2013 жылдары бруцеллез шығып, адамдарға жұққанын білемін. Соңғы оқиғаға байланысты бізде алдын алу шарасы күшейді. Қазіргі кезде малға шектеу қойылып, адамдардан қан алу жұмысы басталды. Санитар мамандар келіп, алдымен ірі қарасы бруцеллезге шалдыққан адамдарды тексеріп жатыр. Әзірге дерт жұқтырған адам анықталмады. Шын мәнінде, бруцеллез ауруы адамға жұққан кезде оның қызуы көтеріліп, өзін

Қазақ әліпбиін латынға көшіру бойынша міндеттер анықталды - Әділбек Жақсыбеков

Қазақ әліпбиін латынға көшіруде науқаншылдыққа жол бермеу керек. Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі кезде «Рухани даму» бағдарламасы бойынша көп жұмыстар атқарылды. Қажетті ұйымдастыру сұрақтары толығымен шешілді. Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша нақты нәтижелер бар. Ең бастысы, олар халықтың зор қолдауына ие болып отыр. Бүгінгі отырыста осы жасалған жұмыстардың қорытындысын шығарып, алдағы жоспарымызды қараймыз», — деді ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту

Қазақстанда автокөлік құжатын интернет арқылы рәсімдеуге болады - Асқар Жұмағалиев

Қазақстанда алдағы уақытта автокөліктерді рәсімдеуге қатысты құжат жұмыстары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, интернет арқылы реттеуге болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. «Жартыжылдықтың соңына дейін бір жұмысты жүзеге асырамыз деп отырмыз. Нақтырақ айтқанда, автокөліктерді рәсімдеу жұмысы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйден интернет арқылы реттеледі. Яғни, сіз интернет арқылы тапсырыс беріп, қажетті құжатты «Қазпошта»

Ақтөбеде "Төрт ағайынды" ісі бойынша жауапқа тартылған ІІД бастығының орынбасары абыройын төкпеуді сұрады

Ақтөбеде Еркін Ізбасар бастаған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. ІІД бастығының орынбасары болған Рахат Аханов өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Мен олардың қылмыстық іспен айналысатынын білмедім. Жиналыста әдемі сөздер айтып, есіктен шыға бере қитұрқы іс жасайтын адам емеспін. Бар болғаны 300-400 мың теңге үшін мен абыройымды төкпеймін. Есенжан Еркетаевпен тойда танысып, жақсы араластым. Оның сотталғанын білмеймін. Менің қасықтап жинаған абыройымды төгіп жатсыздар. Екінші

Ақтөбелік мүгедек жанның кәсібіне басқа қалалардан ұсыныс түсіп жатыр

«100 жаңа есім» жобасына есімі енген Шахан Жолдасбаевтың кәсібіне көрші облыстар қызығушылық таныта бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап дайындалған әлеуметтік жобасы қаржылай қолдау тауып, қазіргі таңда үлкен кәсіп көзіне айналдырып отырған Шаханның жұмысына басқа қалалардан ұсыныс түсуде. «Бұл тек біздің қаладағы мәселе емес. Еліміздің батыс өңірін қамту жоспарда бар. Көрші Маңғыстау облысы мен Орал қаласынан ұсыныстар түсіп жатыр. Алдыма мақсат қойып, осы жобамды кеңейткім келеді», —