Cу мәселесін айтып жыларман болған ақтөбеліктерге облыс әкімі «Ақбұлақ» басшысын қайта таныстырды

Cу мәселесін айтып жыларман болған ақтөбеліктерге облыс әкімі «Ақбұлақ» басшысын қайта таныстырды

Ақтөбеліктер қала әкімінің есебінде ауыз су мәселесін көтерді. Тұрғындар санитарлық талапқа сай келмейтін ауыз судың нашарлығынан іштерінің де кетіп жатқанын айтты. «Ақбұлақ» мекемесінің басшысын танымайтынын айтқан тұрғындар әкімнен сапалы ауыз су мәселесін шешіп беруді сұраған болатын.

«Ауыз суға қатысты мәселелерді біз шешеміз. Оған уақыт керек. Асан Ыбыраев тұршы, ауызсуға жауап беретін «Ақбұлақ» мекемесінің басшысы осы. Жаңадан салынып жатқан «Батыс» ауданындағы судың таза емес екендігін білеміз. Сондықтан ол жерге суды өңдейтін кәсіпорын салып жатырмыз. Қаладағы иістің жаман екенін де білеміз. Қалада қалдықты бір жерге жинап, оны тазартып, орталық құбырға жіберетін кәсіпорын болмаған. Қазіргі уақытта біз оның үшеуін жасадық. Ендігі мақсатымыз «Ақбұлақ» мекемесінің қасынан су тазалайтын, өңдейтін кәсіпорын салу. Оған көп қаржы керек. Осы жұмыстар жасалып жатыр», — деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы алдағы уақытта қаладағы көгалдандыру жұмыстарының да жанданатынын айтты.

«Қалада неге жасыл желек, ағаштар аз? Себебі, оларды суаратын су жоқ. Жеке үйлер де көгалдандырумен белсенді айналыспайды. Еуропалық банкпен 10 млрд. теңгенің жобасына келісімшартқа отырдық. «Ақтөбе» су қоймасынан Саздыға дейін су тасымалын жүргізу үшін. Сазды каналы арқылы қала ішіндегі көгалдарды суару жұмыстары жасалатын болады», — деді әкім.

фото: avestnik.kz

Пікір қалдырыңыз