Қазақстанда туризмді дамытуға ден қойған әкімдердің рейтингін жасау ұсынылды

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Үкімет отырысында Қазақстанда туризмді дамыту бойынша облыс әкімдерінің рейтингін жасауды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты біз «Қазақстанның қасиетті географиясы» арнайы жобасын жүзеге асырып жатырмыз. ҚР Ұлттық музейі жанында «Қасиетті Қазақстан» орталығы жұмыс істеп тұр. 10 айлық тынымсыз жұмыстың арқасында киелі жерлердің тізімі бекітіліп, жалпыұлттық 183, жергілікті деңгейде 520 орын таңдалып алынды. «Киелі Қазақстан» энциклопедиясының бірінші томы жарыққа шығып, әрбір нысан бойынша тур жасау үшін интерактивті-виртуалды карта әзірленді», — дейді вице-министр.

Ерлан Қожағапановтың айтуынша, ВВС каналы 4 деректі фильм — «Алтын адам», «Қожа Ахмет Яссауи және Айша бибі кесенелері», «Қасиетті Қазақстан», «Көшпенділердің жері» туындыларын түсірген. Ол туындылар «Дисковери», «Виасат Хистори» және «Нейшнл Географик» каналдарында көрсетіледі. «Бақытжан Әбдірұлы біздің келесі міндетіміз — әлемдік бірлестік алдында Қазақстанның танымалдылығын арттыру, ішкі және көшпелі туризмнің инфрақұрылымын дамыту. Тұңғыш рет туризм секторы ұлттық экономиканың драйвері ретінде енгізілді. Осыған байланысты біз облыс әкімдерінің туризмді дамыту бойынша рейтингін енгізуді ұсынамыз. Көшпелі және ішкі туризмді дамыту үшін оларға бес талап қойылады. Оның ішіне өңірлерге туристердің ағылуы, қонақ үйлердің толымдылығы, үшіншіден туризмге бөлінетін қаржы, төртінші аталған бюджетті игеру, бесінші — туристік бағыттан түсетін салықтың мөлшері», — деп түйді сөзін вице-министр.

фото: kazakhstan.travel

Пікір қалдырыңыз