Қайнар Олжай: Журналистің оқырман жинау үшін адастыратын тақырыптар қоюға қақысы жоқ

Қайнар Олжай: Журналистің оқырман жинау үшін адастыратын тақырыптар қоюға қақысы жоқ

Журналистердің мақаладағы қателіктерін таба білетін Қайнар Олжай сайттардағы жалған тақырыптарды сынға алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Сайттардың бәрі — ақша табу құралы. Газет те, сайт та ақпарат таратады. Бірақ сайт тақырыпты еліктіріп қояды», — деді белгілі журналист.

Оның сөзінше, сайттар оқырман тарту жолында шектен шығып кетеді. Дегенмен, ол жақсы жалақы алу үшін сайттарға жұмыс істеуге болатынын жасырмады.

«Бірақ журналистикада ар-ұят мәселесі деген аттамайтын табалдырықтар болады. Сондықтан журналистің адамдарды адастыратын тақырыптар қоюға қақысы жоқ», — деді Қайнар Олжай.

Ол сайтта оқыған мақаланың тақырыбын мысалға келтірді.

«Қазір адамдар бірте-бірте түсініп, өтірік тақырыптарға алдануды қойды. Мысалы, «Көше қан болды» деп тақырып қояды. Құдай сақтасын, бірақ көше қан болуы үшін кемінде 100 адам жарақат алуы керек. «Бір адамның мұрны бұзылып қалды» деп қою керек қой. Мұндай тақырыптар абырой әкелмейді», — деді танымал журналист.

Пікір қалдырыңыз