Мүгедектер арбасына таңылған Ақтөбе тұрғыны Бердібек Сапарбаевтан көмек емес, бата сұрады

Бердібек Сапарбаевтан бата сұраған бірінші топ мүгедегі әкімнің ерекше жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Арбаға таңылған Әлібек Елеусізов әкімнің әрбір жұмысына қуанатынын жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өзін «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының мүшесі ретінде таныстырған бірінші топ мүгедегі облыс басшысынан бата сұрады.

«Осы кезге дейінгі басқарған әкімдердің еңбегі зор. Тіпті, Архимед Мұхамбетовтен көмек сұрап барған кезде өтінішімді жерге тастамады. Бүгінгі күні облыс әкімі қызметінде отырған Бердібек Сапарбаевтың ел үшін жасап жатқан жұмыстары ерекше. Ерен еңбегі мен атқарған жұмыстарының барлығы халықтың қамы үшін. Орны бөлек басшыдан бата алуды жөн көрдім», — дейді Әлібек Елеусізов.

Әлішер Садық, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз