Бердібек Сапарбаев: Дәрі бағасын реттеудің бір жолы – цехтар ашу


Әкімдік дәрі-дәрмек бағасын реттей алмайды. Бірақ жергілікті билік дәріханалармен келісімге келіп, екіжақты шартқа қол қойып, мәселенің шешімін табуға көшті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеліктер емханаларда тегін берілетін дәрі тапшылығы мәселесін жиі айта бастады. Қаңтар айында инсулин, онкологиялық дертке шалдыққандарға арналған дәрі болмады. Министрлікпен реттелетін дәрі бағасы да әртүрлі болды. Ілияс Испановтың есеп беруіне барған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев сұрақтардың басым бөлігіне өзі жауап берді.

«Біріншіден, дәрі-дәрмектің бағасын әкімдік реттемейді. Екіншіден, емханалар мен ауруханаларға қажетті дәрі-дәрмекпен республикалық мекеме қамтамасыз етеді. Нарық заманында билік бағаны қадағалай алмайды. Дегенмен қазір Парламентте дәрі-дәрмек бағасын реттеуде мемлекеттік бақылауды енгізу мәселесі қаралып жатыр. Содан кейін ғана біз бақылай аламыз. Қазіргі уақытта да біз қарап отырған жоқпыз. Дәрі-дәрмекті бақылайтын департамент дәріханалармен келісімшартқа қол қойды. Халыққа ең қажет дәрінің бағасы негізсіз көтерілмейді. Негігі дәрі-дәрмек шығаратын цехтарды көп ашу керек», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз