Балаларының науқас екенін алға тартқан 84 жастағы ақтөбелік қария жертөле жалдап тұратынын айтады


Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан көшіп келген зейнеткер Алғазы Райханов қазір бір байдың жертөлесін жалдап отыр. Семей полигонының зардаптарын залалсыздандыруға қатысқан қарияның балалары ауырады, біреуі жүйке жүйесі дертіне шалдыққан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Семей полигонын залалсыздандыру жұмысына қатысқан зейнеткердің балаларының денсаулығында кінәрат бар.

«Мен Ырғыз ауданынан 2002 жылы көшіп келдім. Ал пәтер кезегіне 2015 жылы тұрдым. Бәрі сауатсыздықтың кесірі. Қайда барып, кімге құжат тапсырарымызды білмей жүре бергенбіз. Балаларым да жағдайды ойлайтындай емес. Ауырады. Ақтөбе қаласына келгеннен бері пәтер жалдаймыз. Қазір бір байдың жертөлесін паналап отырмыз», — деді Алғазы Райханов.

Зейнеткер қалалық әкімдікке барып, өзінің әлеуметтік жағдайын айтып көрген.

«Кезек сақталады, пәтер тек тәртіппен беріледі» деп шығарып салды», — дейді ақсақал.

Пікір қалдырыңыз