Ақтөбеде теннистен «Kazakhstan F1 Futures» халықаралық турнирі өтіп жатыр

Kazakhstan F1 Futures» халықаралық турнирі 17 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

13 елден 56 спортшы турнирге қатысуға тілек білдірді. Атап айтқанда, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Италия, Сербия, Украина, Израиль, Германия, АҚШ, Тайвань, Катар, Белорусcия, Тәжікстан елдерінен келген спортшылар Ақтөбе қаласында бақ сынап жатыр. Ал, Қазақстанның намысын 16 спортшы қорғайды.

Aktobe Futures F1 турнирі кәсіби ойыншы мансабының алғашқы кезеңі болып саналады. Турнир олимпиадалық жүйе бойынша жеке және жұптық түрде өтеді.

17 ақпан күні жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. 25 мың доллар тек бірінші орын алған теннисшілерге беріледі.

Пікір қалдырыңыз