Ақтөбе қаласының білім бөлімі балабақшалар алдындағы қарыздарынан толығымен құтылды

Балабақша қызметкерлері соңғы үш айдан бері жалақыларын ала алмай жүргендерін айтып, ақпарат құралдарына жүгінген болатын. Бүгін қалалық білім бөлімі жиналыс өткізіп, мән-жайды түсіндіруге тырысты.

Бөлім басшысының міндетін атқарушы Рүстам Әлжанов 19 мекеме алдында 61,9 млн теңге қарыз болғанын жеткізді. Бүгінде қарыз өтелді. Осындай келеңсіздікке жол берген бас маман қызметінен босатылды.

Пікір қалдырыңыз