Жайық өзеніндегі жаңа көпір Ақтөбеден Астраханға баратын жолды қысқартады

ҚазАқпарат — Жұмыс сапарымен Махамбет ауданына барған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлік пен әлеуметтік саладағы нысандарды көрді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Талдыкөл селосында аймақ басшысы 160 орындық балабақша құрылысымен танысты. Құрылыс биыл маусым айында аяқталады. Алаңда 50 адам жұмыс істеп жатыр, нысан магистралды газ, су желілеріне қосылған. Нысанды пайдалануға берген кезде жақын маңдағы елді мекендердің мектепке дейінгі жастағы балалары балабақшамен толық қамтылады.

Құрылыс орнын қараған Нұрлан Ноғаев құрылыс нормативтері мен стандарттарын қатаң сақтауды, техникалық қадағалау мамандары тарапынан үнемі бақылау болу керектігін баса айтты.

Махамбет ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жобаларын жүзеге асыру белсенді жүруде. Ауыл тұрғындары кооперациялардың пайдалы тұстарын түсінген.

Көрнекі фото: Volgomost.ru

Пікір қалдырыңыз