Танымал актер Ақтөбеге сапары аясында өмірде қатты ұстанған қағидасын бұзғаны үшін кешірім сұрады

Танымал актер Ақтөбеге сапары аясында өмірде қатты ұстанған қағидасын бұзғаны үшін кешірім сұрады

Өмірінде кешігіп көрмегенін алға тартқан танымал актер журналистер қауымынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Болат Әбділманов баспасөз мәслихатына біраз уақыт кешіккені үшін қатты қысылғанын жасырмады.

Өнерге келгелі кешігіп көрмегенін алға тартқан ол түн ортасына дейін дайындық жұмыстарымен жүрген болып шықты.

«Кешігіп келгеніме кешірім сұраймын. Осы өнерде жүргелі өмірі кешігіп көрмеп едім. Өнер адамы еш уақытта кешікпеу керек», — деді Болат Әбділманов.

Айта кетейік, «Ревизор» қойылымын сахналауға кино және театр актерлары Болат Әбділманов пен Айгүл Иманбаева Ақтөбеге арнайы келген болатын.

Пікір қалдырыңыз