Сапарбаев: Билік бізді ұмытып кетті деп ойламаңыздар

Бердібек Сапарбаев үнемі шағым айтатын «Нұр Ақтөбе» ауданының тұрғындарын сабырға шақырды. Әкім халық жайлы өмір сүру үшін барлық жағдайдың жасалатынына уәде берді.

«Әрбір аулаға, әрбір подъездге сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін видеокамера қоямыз. Осы жерде де халыққа қызмет көрсету орталығы болады. Бір сөзбен айтқанда ауданға барлық жағдай жасалады. «Нұр Ақтөбе ауданынан көптеген арыз-шағым аламыз», — деді әкім.

Облыс әкімі уақытша қиындықтардың ұзамай шешілетіндігін түсіндірді.

«Кейбір кезде жарыққа, жылуға байланысты уақытша ақаулардың болып қалуы мүмкін. Олардың бәрін дер кезінде орындайтын боламыз. Билік бізге қарамайды, үйді салып берді де бізді ұмытып кетті деп ойламаңыздар. Олай болмайды. Біздің міндетіміз тек қана үй беру емес, сол ауданға жақсы жағдай жасау», -деді Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз