ақпан 12, 2018

Ақтөбеде 43 елді мекенді су басу қаупі бар

Ақтөбе облысы бойынша қар аз жауып, алдағы уақытта да жауын-шашын мөлшері нормадан аспайды деген болжам бар. Бірақ төтенше жағдайлар қызметі 43 елді мекенді су басу қаупі бар екенін жасырмады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе көшелерінде тау болып үйілген қар жоқ, жауын-шашын аз болды. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы Құмар Тұрмағамбетовтың айтуынша, биыл 43 елді мекенді су басу қаупі бар. Олардың көбі өзен жағасында орналасқан. Мұндай ескерту жыл сайын

Ақтөбеде абақтыда отырғандар шахмат жарысынан бақ сынады

Ақтөбедегі «КА-168/2» түзету мекемесінде жазасын өтеушілер мұғалімдермен шахмат ойнап жарысты. Мекеме басшылары мұндай шаралардың бос бостандығынан айырылған азаматтардың өздерін қоғамда тең ұстауына көп көмектесетінін айтады. «Мекеме аумағында шахмат, теннис, шаңғы тебу секілді спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Спорттық шаралар арқылы сотталғандардың мінезін даралау жұмыстары айқындалады. ҚАЖ департаментіне қарасты «КА-168/2» түзету мекемесінде жазасын өтеушілер мен қалалық білім бөлімінің мұғалімдері арасында шахмат жарысы ұйымдастырылды. Шахмат ақыл-ойды жетілдіретін ерекше ойын. Бұл ойын арқылы

Сапарбаев: Билік бізді ұмытып кетті деп ойламаңыздар

Бердібек Сапарбаев үнемі шағым айтатын «Нұр Ақтөбе» ауданының тұрғындарын сабырға шақырды. Әкім халық жайлы өмір сүру үшін барлық жағдайдың жасалатынына уәде берді. «Әрбір аулаға, әрбір подъездге сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін видеокамера қоямыз. Осы жерде де халыққа қызмет көрсету орталығы болады. Бір сөзбен айтқанда ауданға барлық жағдай жасалады. «Нұр Ақтөбе ауданынан көптеген арыз-шағым аламыз», — деді әкім. Облыс әкімі уақытша қиындықтардың ұзамай шешілетіндігін түсіндірді. «Кейбір кезде жарыққа, жылуға байланысты уақытша

Байқоңырдан бүгін ұшпақ зымыран-тасығыштың уақыты шегерілді

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы жоспарланған «Союз-2.1а» зымыран тасығышы ұшпай қалды, деп хабарлайды «Азаттық». Бұл туралы «Роскосмос» корпорациясы өзінің ресми сайтында хабарлады. «Прогрес МС-08» жүк кораблін ғарышқа алып ұшпақ зымыран тасығыштың ендігі ұшу уақыты 13 ақпанға шегерілді. Мұның алдында зымыран тасығышты құрастыру 8 ақпанда сәтті аяқталғаны хабарланған. Сонда мемлекеттік комиссия мен техникалық басшылық өкілдерінің жиынында зымырандық кешенді 9 ақпанда старт алаңына қондыру келісіліп, зымыран тасығыш пен зымыран №31 ұшу алаңына

Олимпиада-2018: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева еліміз қоржынына тұңғыш медальды салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үздік алты спортшының арасында алғашқы болып жарыс жолына шыққан отандасымыз 77.40 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған Олимпиаданың қола жүлдесін сыйлады. Айта кетейік, Юлия Галышева финалдық кезеңнің бірінші бөлігінде өз тобында сәтті өнер көрсетіп, финалдық екінші кезеңге өткен болатын. Юлияға Пхёнчханда қазақстандық жанкүйерлер қолдау білдірді. Фристайл. Могул, финал: 1. Перрин Лаффон, Франция 78.65 2. Жюстин Дюфур-Лапуант, Канада 78.56 3.

Ан-148 апатынан қаза болғандардың тізімі жарияланды, олардың үшеуі – балалар

Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің аты-жөндері анықталды. Олардың тізімі Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында орналастырылды. Ажал құшқан жолаушылардың үшеуі — балалар. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғаны мәлім етілді. «Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі

Данияр Ақышев үш сағат бойы қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді

22 ақпан күні (басталуы 10:00) Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ) төрағасы Данияр Ақышев онлайн-режімде конференция өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үш сағат бойы онлайн-режімде қазақстандықтар Ұлттық банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласында өз құқықтарын қорғауға қатысты және көптеген өзге де мәселелер бойынша сұрақтарға жауап ала алады. Сұрақтарды «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасындағы «ҚҰБ төрағасы Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы» арнайы бөлімі; ақпараттық әріптес — «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің сайты; сондай-ақ Қазақстан Ұлттық