Данияр Ақышев үш сағат бойы қазақстандықтардың сұрақтарына жауап береді


22 ақпан күні (басталуы 10:00) Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ) төрағасы Данияр Ақышев онлайн-режімде конференция өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш сағат бойы онлайн-режімде қазақстандықтар Ұлттық банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласында өз құқықтарын қорғауға қатысты және көптеген өзге де мәселелер бойынша сұрақтарға жауап ала алады.

Сұрақтарды «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасындағы «ҚҰБ төрағасы Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы» арнайы бөлімі; ақпараттық әріптес — «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің сайты; сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің Facebook (www.facebook.com/ulttykbanki/ және www.facebook.com/nationalbankkz/) және Instagram (https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдауға болады.

«ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын App Store және Play Market арқылы iOS және Android платформаларында мемлекеттік және орыс тілдерінде жүктеп алуға болады.

Фото: Forbes.kz

Пікір қалдырыңыз