Болат Әбділманов, актер: Маған екі ұсыныс жасалды. Мен Болливудты емес, Ақтөбені таңдадым

Ақтөбе қаласына арнайы «Ревизор» қойылымын сахналауға келердің алдында Болат Әбділманов бұдан Болливудқа шақырту түскенін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Арнайы комедиялық бағыттағы «Ревизор» қойылымынан ұсыныс түскен сәтте тарихи үнді фильміне де шақырту алған. Бірақ, белгілі кино және театр әртісі Болат Әбділманов Ақтөбедегі сахналайтын рөлін таңдағанын жеткізді.

«Театр басшысы Нұрхан (театр директоры — ред.) мырза маған алғашқы жобам деп ұсыныс жасады. Сол сәтте маған Болливудтан да шақырту келген болатын. Тарихи үнді фильмінде басты рөлді ойнайды екенмін. Шыны керек, таңдаудың ортасында қалдым. Бірақ, уәдені Нұрханға беріп қойғаннан кейін Болливуд жасаған ұсыныстан бас тарттым. Жүрексініп келгенім рас. Театрдың актерлері шебер, шабыт береді», — дейді Болат Әбділманов.

Пікір қалдырыңыз