«Төрт ағайынды» ісі: Сотталушы Саясат Дүсіпов мұнай компаниясының күзет бастығына айына 300 мың теңге бермек болды

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Саясат Дүсіпов, Рахат Аханов мұнай ұрлығына қатысты эпизодтарда жауап беріп жатыр. Сот отырысы кезінде «АзияГруппСекьюрити» ЖШС-нің Ақтөбе облыстық филиал директоры Жәрігер Аймаханов жауап берді. Оның айтуынша, сотталушы Саясат Дүсіпов кездесу кезінде ұрланған мұнайды кедергісіз өткізу үшін айына 300 мың теңге беруге уәде берген.

«Күзет қызметі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның газ өңдеу зауыттарын, мұнай сақтау, тасымалдау орындарын күзетті. Мобильді топ мұнай құбырын бақылады. 2016 жылы маған белгісіз нөмерден телефон шалып, кездесуге шақырды. Кездесу үшін бильярд клубқа бардым. Ол жерде Саясат Дүсіповпен кездесіп, сөйлестім. Ол мені танитынын, жұмысым туралы білетінін айтты. Кейін мұнай ұрлығы іске асырылатын жолды айтып берді. Күзетшілер ұрланған мұнайды кедергісіз жіберу үшін маған айына 300 мың теңге беруге уәде берді. Ал мобильді топқа 50 мың теңге беретінін айтты. Бірақ мен келіспей, кейін бұл жайды «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның басшығына хабарлап, күзет қызметіндегі адамдарды өзгерттім», — деді кәугер Жәдігер Аймаханов.

Айта кетейік, куәгер Еркін Ізбасарды танымайтынын жеткізді. Ал бұрын Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары болған Рахат Ахановты бір рет 2011 жылы медаль алу кезінде көрген.

Пікір қалдырыңыз