ақпан 9, 2018

Ақтөбелік полицей қызбен билеуге кедергі келтірген ер адамды ұрған

Ақтөбеде учаскелік полицей қызбен билеуге кедергі келтірген қарсыласын ұрып жіберді. Ер адам соққы салдарынан миы зақымданған және басқа да жарақаттар алған, — деп хабарлайды Diapazon.kz.-ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Оқиға наурыздың 3-нен 4-не қараған түні болған. Іс материалдарында Темір ауданының учаскелік инспекторы 32 жастағы Айбек А. Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі кафелердің бірінде бір топ адаммен демалып отырған. Отырыстан кейін ол жанындағы үстелде отырған үш қыздардың біріне билеуді ұсынған. Қыздардың жанында отырған

Ақтөбе облысы: Орамал дауына орай тағы 2 ата-анаға айыппұл салынды

Ақтөбе облысында «орамал дауына» орай балалары мектепке бармай отырған тағы екі ата-анаға 8 ақпан күні 12025 теңгеден (бес айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде) айыппұл салынды. Олардың балалары Ақтөбе қаласындағы №52 және №55 мектепте оқиды. Бұл туралы Азаттық хабарлайды. «Тағы екі ата-анаға 5 АЕК-ке тең айыппұл салынды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 409-бабының 2-тармағында көрсетілген («ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің білім беру заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы») талапты

Кем болып жаралғам жоқ мен ешкімнен - бүгін Мұқағали Мақатаевтың туған күні

«Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған», поэзияға ерекше екпін әкелген ақиық ақын Мұқағали (Мұхамедқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың туғанына бүгін тура 87 жыл толып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақын 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Нарынқол өңірінің Қарасаз ауылында дүние есігін ашқан. «Қайран Қарасазым-ай» деп өлеңге қосқан, кейін әнші Рамазан Стамғазиевтің әніне айналған аядай ауылды бүгінде білмейтін қазақ кемде-кем. Мұқағалидің бала кезі сұм соғыстың қасіретті жылдарына тұспа-тұс келеді. «Неңді сенің

Бүгін ХХIII Қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХIII қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Олимпиадаға Қазақстаннан 49 спортшы 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Олимпиадада жалпы 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазіргі таңда спортшыларымыз Олимпиада қалашығына келіп, ең соңғы жаттығу жұмыстарын жүргізіп, өздері сынға түсетін жарыс алаңдарымен танысып үлгерді. Осы орайда, осыған дейінгі Қазақстан спортшыларының қысқы Олимпиададағы жетістіктерін еске түсіре кетейік.