ақпан 9, 2018

Облыстық драма театрына басшы болып келгелі Нұрхан Кәдірбаев алғашқы жобасын ұсынбақшы

Ақтөбе қаласының театр жанкүйерлеріне алғаш рет қойылып жатырған «Ревизор» қойылымын елге танымал әртістер сахналайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Жаңа қызметінде облыстың драма театрының басшысы Нұрхан Кәдірбаев алғашқы жобасына елге танымал әртістерді шақырды. «Ревизор» қойылымын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Әбділманов пен Айгүл Иманбаева сахналайды. «Бұл қойылымға ең алғаш режиссер таңдадық. Бұрын актер, тележүргізуші болған Жұлдызбек Жұмабай деген азаматты әуелден шақыру ойда болған. Кейін коммерциялық жағын қарастырдық. Көрермендерді театрға баулуымыз

«Төрт ағайынды» ісі: Сотталушы Саясат Дүсіпов мұнай компаниясының күзет бастығына айына 300 мың теңге бермек болды

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Саясат Дүсіпов, Рахат Аханов мұнай ұрлығына қатысты эпизодтарда жауап беріп жатыр. Сот отырысы кезінде «АзияГруппСекьюрити» ЖШС-нің Ақтөбе облыстық филиал директоры Жәрігер Аймаханов жауап берді. Оның айтуынша, сотталушы Саясат Дүсіпов кездесу кезінде ұрланған мұнайды кедергісіз өткізу үшін айына 300 мың теңге беруге уәде берген. «Күзет қызметі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның газ өңдеу зауыттарын, мұнай сақтау, тасымалдау орындарын күзетті. Мобильді топ мұнай құбырын бақылады. 2016

Ақтөбелік жас жігіт өзін ұрған полиция қызметкерін кешіріп, бас бостандығынан айырмауды сұрады

Ақтөбелік Аслан Сәрсенғалиев өзін ұрып, саңырау еткен полиция қызметкеріне кешірім берді. Тіпті, сотталушы Айбек Алишевті бас бостандығынан айырмауды сұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Аслан Сәрсенғалиев алғашында екі тарап келісіп, емге қаржы берсе, мәселені ың-жыңсыз шешуге келісім берген. Бірақ өзін ұрып, саңырау еткен тарап жәбірленуші сұраған ақшаны бермей, саңырау болған жас жігіт ұзақ уақыт ем ала алмады. Кейін полицияға шағым түсіріп, іс ұзаққа созылған соң прокуратураға барды. Шын мәнінде бұл іске

Қайнар Алагөзов Төреғали Төреәліге қасақана қастандық жасалғанын мәлімдеді

Ақын Қайнар Алагөзов басына күн туғанда әріптестерінің Төреғалиден сырт айналғанын ашына айтты. Ол соңғы кездері Төрештің басынан арылмаған дауды әлдебіреулер қасақана ұйымдастыруы мүмкін деп болжады. Сондай-ақ, Төреғалидің басынан ауыр күндер өтіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz. “Қазақ не деген бақытты халық? Төреғалидан басқа проблемасы жоқ. “Жау жағадан алғанда, бөрі етектен” дегендей, соңғы кезде Төрешімді аяп кеттім. Бүйтіп елдің еркесі болмай-ақ қойғаным… Оның басынан дәл қазір нендей жағдай өтіп жатқанымен

Биыл Қазақстанда 500 шақырым жолдың құрылысы аяқталады - Үкімет басшысы

Биыл Қазақстанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 500 шақырымдық жолдың құрылысы аяқталады. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Көліктік, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдардың ауқымды құрылысының арқасында жыл сайын 100 мыңға жуық жұмыс орындары ашылуда. Ең алдымен, автокөлік жолдарының заманауи желісі туралы айтып өтсем. 2015-2017 жылдары Астананы басқа өңірлермен байланыстырған 2 мың шақырым автомагистраль салынды.

Президент Сағынтаевқа: Бәрі жақсы, бірақ өзіңе деген сыни көзқарас жоқ

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа ескерту жасады, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев осы уақытқа дейін атқарылған шаралар бойынша есеп беріп, әрбір мемлекеттік бағдарламаның нәтижесін жариялады. Соның ішінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлек бағдарламасы және тағы басқа бастамалар бар. Премьер-Министр баяндаманы жасап болғаннан кейін Президент: «Соңғы Жолдауды орындау бойынша не істедіңдер?», — деп сұрады. Сұраққа жауап берген Үкімет басшысы

Алматы облысында «Таблиғи жамағатты» насихаттаған» адам сотталды

Қарасай ауданының тұрғыны тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни ұйымының идеологиясын насихаттады деген айыппен бір жылға сотталды, деп хабарлайды Азаттық. Қарасай аудандық соты аудан тұрғыны А-ны Қылмыстық кодекстің 405-бабының 2-бөлігімен («Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу») айыпты деп танып, бір жылға соттаған. Сот айыпталушының аты-жөнін толық атамады.