Сапарбаевтың кезекті бір «қамшысы» полицейлердің «жүгіріп» кетуіне түрткі болды

Бердібек Сапарбаев жастар арасындағы құқық бұзушылықтың көптігі туралы мәселе көтерген соң, полиция инспекторлары іске кірісті. Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында «Қадағалаусыздық» жедел іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жегілікті жерлерде және жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізе бастады.

Алғашқы күнннен бастап 57 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, үш ата-ана бала тәрбиесіндегі өз міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев отырыс сайын жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың артып жатқанын баса айтып, осы мәселе бойынша тиісті орындарға тапсырма берген де болатын.

Пікір қалдырыңыз