Мұнайдың әлемдік бағасы біршама арзандады

Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижелері бойынша мұнайдың бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда нәтижесі бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында сәуір айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррель үшін 1,35 долларға түсіп, 65,51 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,6 долларға арзандап, 61,79 доллар болды.

Пікір қалдырыңыз