Ақтөбе облысында өрт оқиғалары жиілеп кетті

Ақтөбе облысында өрт оқиғалары жиілеп кетті

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 51 өрт оқиғасы тіркелген.

«Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артты. Қазіргі таңда күн райына байланысты жылыту пештері көп пайдаланылады. Бақылаудың болмауы үлкен апатқа әкеледі. Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керек», — дейді облыстық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Ернар Сапарұлы.

Қаңтар айында тұрғын үй секторларында 25 және көліктерде 15 өрт оқиғасы тіркелген.

Көрнекі фото: Infpol.ru

Пікір қалдырыңыз