Сапарбаев жалғызбасты қарттарға үй-интернат салып беру жөнінде бастама көтерді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қараусыз қалған қарттарды бір жерге шоғырландырғысы келеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бердібек Сапарбаев ата-анасына бейжай қарап, оларды қарттар үйіне қалдырып кеткен балалары туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, балалары ата-аналары үшін алимент төлеулері тиіс.

Сондай-ақ, өңір басшысы қарттарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында оларға үй-интернат салып беруді ұсынды. Бірақ зейнеткерлер ол үшін өздерінің пәтерлерін мемлекет меншігіне тапсырулары керек.

«Бір-екі бөлмелі пәтерде жалғыз тұратын зейнеткерлерді жинап алуымыз керек. Оларға әлеуметтік қызметкер де, дәрігер де барады. Ол кісілермен ешкім сөйлеспейді. Егер осындай 50 қарт жиналса, онда оларға ұсыныс жасауға болады. Егер олар пәтерлерін мемлекет меншігіне берсе, оларға ортақ үй салып береміз. Соның ішінде асхана, кітапхана, дүкен болады. Бір жерде шоғырланған зейнеткерлер бір-бірімен тілдесе алады, қажетті заттарын бір жерден алады», — деді Бердібек Сапарбаев.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

фото: dzer.ru

Пікір қалдырыңыз