Ақтөбе облысында 300-ге жуық жас экологиялық үстеме алмаған

«Жастар практикасы» арқылы жұмысқа тұрған мұғалжарлықтар мен шалқарлықтар 18 млн теңгеден қағылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қайрат Отаров өзінің басқармасындағы заң бұзушылықтарды тізбелеп айтып берді. Мәселен, жұмыс істемеген адамға бюджеттен ақша бөлініп тұрған.

«Ақтөбе қалалық және Қарғалы аудандық жұмыспен қамту орталықтары адамдарды әлеуметтік жұмыс орындарына немесе жастар практикасына жіберген. Ал жұмыс берушілер ол адамның жұмыс істеп жатқандығы жайлы жалған ақпарат беріп отырған. Біз соған бюджеттен қаражат аударып жүрдік. Ақтөбе қаласында әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген 4 адамға 450 мың теңге, жастар практикасындағы 5 адамға 86 мың теңге жұмсалды. Қарғалы ауданында 1 адамға 75 мың теңге кетті», — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Қайрат Отаров.

Бұдан бөлек, «Жастар практикасында» жүрген Мұғалжар жəне Шалқар аудандарының тұрғындары экологиялық үстеме алмаған. Шығын мөлшері 18 млн. теңгеден асады.

«Мұғалжар ауданында 103 адамға 3,5 млн. теңге төленбеген. Шалқар ауданында 186 адамға 14,8 млн. теңге көлемінде үстемақы берілмеген», — деді Қайрат Отаров.

Көрнекі фото: Thefrisky.com

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз