Ақтөбедегі белгілі университет басшысы облыстық мешітке тарту жасады

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Президенті Бекежан Аханұлы «Нұр Ғасыр» мешітіне қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің алқа мәжілісінің мүшесі, белгілі университет басшысы Бекежан Аханұлы мешіт үйіне қайырымдылық көмек көрсетіп су жаңа дәріс парталарын тарту етті. Қазіргі таңда, ұсынылған 13 дана парта мен 12 дана орындық ерлер дәрісханасына қойылған.

Белгілі профессор бұған дейін үлкен қажылық сапарында өтеп келген болатын.

Пікір қалдырыңыз