Ақтөбеде жол жөндеу жұмысына бөлінетін қаржы биыл он есеге артқан

Ақтөбеде жол жөндеу жұмысына бөлінетін қаржы биыл он есеге артқан

Ақтөбеде жол жөндеу жұмысына бөлінетін қаржы биыл он есеге артқан

Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев Бердібек Сапарбаевтың алдында есеп берді. Басшы биылғы жылы жол жөндеу жұмыстарын өндіртіп жасауға уəде беріп отыр. Биыл облыста республикалық жолдарды ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүрмек.

«2018 жылы барлығы 38, 5 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның 24,3 млрд теңгесі республикалық жолдарға жəне 14,2 млрд.теңгесі жергілікті жолдарды жөндеу жұмыстарына пайдаланылады. Биыл бюджетті нақтылау кезінде қосымша республикалық бюлжеттен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына 5,6 млрд теңгеге бюджеттік өнім тапсырылды», — деді басқарма басшысы Аязбай Османғалиев.

Облыстағы жол құрылысына жауапты маман əкімнің алдында саладағы шешілмей тұрған мəселелерді көтеріп, көмек те сұрады. Басшының айтуынша, өңірде қиыршық тас бағасы шарықтап кеткен. Бұл жол жөндеу жұмыстарына қиындық əкеліп отыр.

Облыс басшысы қиыршық тас бағасындағы мəселені шешу үшін арнайы тексеріс жүргізуды тапсырды.

«Жол болса барлығы дамиды. Ең негізгісі адамның өмірі жақсарады. Мемлекет басшысының Қазақстандағы жол құрылысына қалай көңіл бөліп жатқанын өздеріңіз білесіздер. Қазір Қазақстанның барлық облыстарында жылдан жылға жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. 2015 жылмен салыстырғанда жол жөндеу жұмыстарына сегіз есе көп қаржы бөлінді», — деді Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз