ақпан 6, 2018

Ақтөбедегі белгілі университет басшысы облыстық мешітке тарту жасады

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Президенті Бекежан Аханұлы «Нұр Ғасыр» мешітіне қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің алқа мәжілісінің мүшесі, белгілі университет басшысы Бекежан Аханұлы мешіт үйіне қайырымдылық көмек көрсетіп су жаңа дәріс парталарын тарту етті. Қазіргі таңда, ұсынылған 13 дана парта мен 12 дана орындық ерлер дәрісханасына қойылған. Белгілі профессор бұған дейін үлкен қажылық сапарында өтеп келген болатын.

Сапарбаев жолаушылар қызметіне қатысты мəселені жақын күндері шешуді тапсырды

Облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасы басшысының есебін тыңдаған облыс басшысы жолаушылар қызметін басқарып отырған мекемелердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Жолаушыларға қызмет көрсету мекемелерінен түскен шағым саны 500-ге жеткен. «Екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп жатырмыз. Әуежайдан ешқандай да ұсыныс болған жоқ. Теміржол вокзалында да жағдай мәз емес. Кассалардың 1-2 ғана жұмыс істейді, үнемі кезек деп шағым айтады. Кассада отырған адамдар кетіп қалады, олар адаммен адам сияқты сөйлеса алмайды

Италия жəне Əзербайжан компаниялары "Ақтөбе-Атырау" тас жолын салатын болды

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» халықаралық тас жолына жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер компаниялар анықталды. Келісімшарт бойынша «Тодини Конструциони Дженерали С.п.А.» атты итальяндық жəне «СПИК Аккорд» əзербайжандық компания құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер компания ретінде аталды. «»Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 156 шақырымнан аса бөлігіне құрылыс жұмыстарын жасау биыл басталады. Жұмысты жүзеге асыру мерзімі 2018-2020 жылдар аралығы деп жоспарлап отырмыз. Жолдың жүріс бөлігін 9 метрге дейін кеңейту

Ақтөбеде жол жөндеу жұмысына бөлінетін қаржы биыл он есеге артқан

Ақтөбеде жол жөндеу жұмысына бөлінетін қаржы биыл он есеге артқан Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев Бердібек Сапарбаевтың алдында есеп берді. Басшы биылғы жылы жол жөндеу жұмыстарын өндіртіп жасауға уəде беріп отыр. Биыл облыста республикалық жолдарды ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүрмек. «2018 жылы барлығы 38, 5 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның 24,3 млрд теңгесі республикалық жолдарға жəне 14,2 млрд.теңгесі жергілікті жолдарды жөндеу жұмыстарына пайдаланылады. Биыл

Ақтөбелік ардагерлер мектеп оқушыларының орамал дауына араласады

Ақтөбелік ардагерлер мектептерді аралап, орамал тартып жүрген оқушылардың ата-аналарымен кездесуге шығады. Мұғалімдерге көмек көрсету үшін дін басқармасының мамандарын да қосу ұсынылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде оқушылар мектепке ортақ формамен келуі үшін жан-жақты жұмыс істеліп жатыр. Күн сайын түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Ақтөбе облыстық білім басқармасы да 100-ден астам оқушының орамал шешіп, мектеп формасын кигенін хабарлады. Енді бұл іске ардагерлер де араласады. «Оқушылардың орамал тартуы тек мұғалімдердің емес, дін басқармасының да

Ақтөбеде санаулы күн бұрын оқушы қаза болған көшеде жерасты жол салынады

Ақтөбелік Естай Жайлыбай таяуда мектеп оқушысы қаза болған Шығанақ Берсиев көшесіне жерасты жолын салуды ұсынды. Ойлы-қырлы көшеде үнемі жүргінші зардап шегеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде қауіпсіздігі жоғары көшеде жерасты жолын салу жұмысы жүріп жатыр. Әбілқайыр хан, Әлия Молдағұлова, 312 атқыштар дивизиясы даңғылдарының қатарына Шығанақ Берсиев көшесі де қосылуы мүмкін. Себебі, таяуда бұл көшеде жол апаты болып, жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан оқушы қаза тапты. «Некрасов пен Шығанақ Берсиев көшесі

20 жылдың ішінде Ақтөбе облысының мұнайлы ауданында қой саны екі есе азайған

Бұл туралы Темір ауданының әкімі Асқар Жүсібалиевтің халықпен есептік кездесуіне қатысқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген Асқар Жүсібалиев 2017 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс өсімі 3 % құрап, барлығы 165, 9 млрд. теңгенің өнімі өндірілгенін мәлімдеді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3 есеге артып, 27,2 млрд. теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы 13, 8 млрд. тенгенің өнімін өндіріп, 5 % өскен. Есептік кезеңде 746 жаңа жұмыс