Жетім баланы туған күнімен мектепке құттықтап келген ақтөбелік кәсіпкер ерекше сыйлық жасады

Ақтөбеде мектеп оқушысын құттықтауға келген кәсіпкердің әрекеті көпшілікті сүйсіндірді. «А-Расул 2006» ЖШС директоры Алтынбек Саханов қаладағы орта мектепте оқитын Айша есімді қыз баланы туған күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс еткен. Кәсіпкер ата-ана қамқорлығынсыз өсіп жатқан оқушымен танысып, шотына ақша салған.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған бастама бүгінде нәтижесін беруде. Жетім және ата — анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік – патронаттық қолдау бойынша қалалық әкімдік жетім балаларға демеушілер іздеп жүр.

Сонымен бірге, баланың есеп шотын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша болашақта тұрғын үй алу мақсатында қаржыландыру қарастырылған.
Қазіргі таңда, Ақтөбе қаласы мен оған қарасты ауылдық округтардың 210 жетім баласына қала әкімі мен орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, маслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер демеушілік қолдау көрсетіп отыр.

Пікір қалдырыңыз