Ақтөбеде ана өлімі тіркелген аурухананың бөлім басшысы жұмыстан босатылды


Ақтөбе облыстық ауруханасы жанындағы перзентханада жас босанған 27 жастағы келіншек қайтыс болды. Келіншектің баласы жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Оқиға бойынша тәуелсіз сарапшылардан құрылған комиссия тексеру жұмысын бастады.

«Өкінішке қарай бізде ана өлімі жағдайы тіркеліп тұр, өте жас қыз бала. Оқиғаға қатысты тәуелсіз комиссия жұмыс жасап жатыр. Зерттеу жұмыстары біткеннен кейін ана өлімінің себебі анықталатын болады. Қазіргі уақытта тіркелген оқиғаға қатысты босану бөлімінің басшысын жұмыстан босаттық, қызметінен төмендеді. Дәрігер болып жасап жатыр. Барлық материалдар прокуратураға жіберілетін борлады. Оқиғада қылмыстың бар жоғын құзырлы органдар анықтайтын болады», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

27 жастағы Елена Токарь есімді ақтөбелік келіншек перзентханаға 26 қаңтар күні түскен. Келіншек 28 қаңтар күні перзентханада қайтыс болды. Туысқандары жас ананың өлімін дәрігерлердің салғырттығынан көріп отыр.

Көрнекі фото: Vladtime.ru

Пікір қалдырыңыз