Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ақтөбеге сапарында балалар үйінде болды

Ақтөбе облысына іссапармен келген Асхат Қайнарбеков Мәртөк ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің жағдайымен танысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстағы барлық талапқа сай балалар үйіне Асхат Қайнарбеков арнайы соғып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесті.

Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің ашылуындағы негізгі мақсаты 3-18 жас аралығындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу, кәсіптік бағыт-бағдар беру, қолдау көрсету.

Қазіргі таңда Мәртөктегі балалар үйінде 10 бала тәрбиеленіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз