Орамал дауы: Ақтөбеде ата-аналардың 7 мектептің үстінен жазған арызы қанағаттандырылмады

Орамал дауы: Ақтөбеде ата-аналардың 7 мектептің үстінен жазған арызы қанағаттандырылмады

Ақтөбеде орамалға қатысты сот процестері бойынша шешімдер шығарыла бастады. Осы күнге дейін 7 мектептің үстінен 15 ата-анадан арыз түскен болатын. Сот оларды қанағаттандырмады. Бүгінде сот шешімдері күшіне енді. Бұл туралы 2 ақпанда облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева хабарлады.

Оның пайымынша, жеңіс деп айтуға әлі ерте.

«Өйткені, ата-аналардың одан әрі қарай арыздануға құқылары бар», — деді облыстың бас педагогы.

Сонымен бірге, Ләззат Аманжолқызының айтуынша, балаларын мектепке жібермей отырған ата-аналар айыппұл төлейтін болды. Айыппұл көлемі 5 АЕК немесе 12 мың теңге көлемінде. Егер, бұл талап орындалмаса, айыппұл мөлшері екі еселенуі мүмкін.

Айта кетейік, жыл басында облыста орамал тағатын 340 оқушы болған. Бір айда олардың 162-сі орамалдарын шешті.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз