Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар төсекке таңылғанда ауруханадағы ерекше күтім бөлмесіне жатады

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына биыл 8 кереует дайындалды. Мұнда ауыр дертке шалдығып, төсекке таңылған адамдар жатқызылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Биыл арнайы әлеуметтік тапсырыс беріп, облыстық жедел жәрдем ауруханасы жанындағы «Мейірім» күтім бөлмесінен 8 кереует бөлінді. Туған-туыстары науқаспен жалғыз қалып, кейде қандай ем, көмек көрсетерін білмейді. Медицина қызметкерлерінен ем қажет кезде 1-2 аптаға жатқыза алады. Мұның бәрі қатерлік ісікке шалдыққан адамдардың қамы үшін жасалды. Өкінішке қарай, өткен жылы кереует саны аз болды. Биыл бәрі алдын-ала жоспарланды», — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Сонымен қатар, мамандар науқастың үйіне арнайы барып, туған-туыстарына күтім жасауды үйретеді, кеңес береді. Ал, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің онкология кафедрасы 5 курс студенттеріне қатерлік ісікті анықтау сабақтарының санын арттырады.

Көрнекі фото: ndn.info

Пікір қалдырыңыз