Ақтөбеде бір жылда дәрігерлердің үстінен 444 шағым түскен


Ақтөбе облысының бас дәрігері Әсет Қалиев әріптестеріне қатысты айтылып жатқан шағымдармен жұмыс жасалатынын айтты. Денсаулық сақтау департаментінің өзіне дәрігерлердің үстінен 500-ге жуық арыз түскен.

«2017 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасына жеке және заңды тұлғалардан 444 шағым түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан — 417, заңды тұлғалардан — 27 арыз бар. Әр сұрақпен жекелеп жұмыс жасалынды. Түсініспестіктірге жол бермес үшін қадағалауға алатын боламыз», — дейді облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Әсет Қалиев.

Департаментке түскен шағымдардың дені қызмет көрсетілу сапасына байланысты. Медицина сапасына мұнда жүзден аса арыз түскен. Этика және деонтология, емдеудіұйымдастыру, дәрі–дәрмектермен қамтасыз ету, оның ішінде ақысыз және жеңілдетілген түрде қызмет көрсету және квота сұрақтарына қатысты шағымдар бар.

Пікір қалдырыңыз