Бұзылған тамақ сатқандары үшін Ақтөбедегі тамақтану және сауда орындарына 18 млн теңге айыппұл салынды

Бұзылған тамақ сатқандары үшін Ақтөбедегі тамақтану және сауда орындарына 18 млн теңге айыппұл салынды

Ақтөбеде бұзылған тамақтардан бюджетке 18 миллион теңгеге айыппұл қаржысы түскен

2017 жылғы жұмысты қорытындылаған облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы туралы мəліметтерді хабарлады.

«Облыста тамақтану орындарында санитарлық талаптың бұзылуына байланысты 53 ұйғарылым берілді. Нəтижесінде облысқа əкелінген 180,44 келі өнім жеткізушілерге қайтарылды. Сонымен қатар, 249 келі тағам өнімдері сатылымнан алынып тасталынды. Санитарлық талап нормаларына сай келмейтін 8 сауда нүктесі мен бір тамақтану орнының жұмысы тоқтатылды», — дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Мамандар саудадағы заттарды тексеру үшін 200-ден астам тауарларды сатып алған.

«Ерекше тəртіп бойынша 368 тағам сату объектісі тексерілді. Оның ішінде тағам өнеркəсібі 44, сауда 56 жəне 268 тамақтану объектісі болды. Тексеріс нəтижесінде 17 761 726 теңге көлемінде айыппұл салынды», — дейді басшы.

фото: nevainfo.ru

Пікір қалдырыңыз