Ақтөбенің іргесіндегі Астанамен аттас, өркениеттен жұрдай ауылдың тұрғындары Испановқа мұңдарын шақты

Ақтөбенің іргесіндегі Астанамен аттас, өркениеттен жұрдай ауылдың тұрғындары Испановқа мұңдарын шақты

Ақтөбенің іргесіндегі Астана ауылының тұрғындары өркениеттен жұрдай екендіктерін айтады. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың халыққа есеп беру кездесуінде қайта-қайта сөз алған астаналықтар өздерін жауыр қылған мәселелерді жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кеңес Нокин ауылының жаңа бөлігі Елордамен қатар бірге салына бастағаннан кейін жергілікті халық оны «Астана ауылы» деп атап кеткен. Атауы керемет болғанымен тұрғындары өркениетке қолдары енді-енді жетіп жатқандарын айтады. Ауыз су мен 320 балаға арналған мектеп мәселесі таяуда шешілген. Тұрғындар көктем мен күз мезгілінде аяқ алып жүргісіз балшықтан техниканың өзі әрең қозғалатынын айтты.

«Көшелерімізге алдыңғы жылы тас төселеді деген. Нәтиже болмады. Жаңадан салынған мектеп балшықтың ортасында тұр. Балаларға білім ордасына баратын жол да қарастырылмаған. Бұл мәселені теледидардан да, әлеуметтік желілерде де жарияладық», — дейді ауыл тұрғыны Ерболсын Көбеков

Маршрут пен аяладама мәселесін көтерген астаналықтар аязды күндері 3 шақырым жаяу жүріп баратындарын да жасырмады.

«Бізге №29 маршрут қатынайды. Автобустың сапасы сын көтермейді. Менің айтайын дегенім 3 шақырым жол жүреміз. Қыс мезгілінде қиын. Біз барармыз, балаларға қиын. Ол автобусты 30 минут тағы күтеміз», — деді ауыл тұрғыны Ерболсын Көбеков.

 

Пікір қалдырыңыз