Ақтөбелік палуан Мейрамбек Айнағұлов халықаралық турнирде 5 рейтингтік ұпай жинады

Ақтөбелік палуан Мейрамбек Айнағұлов халықаралық турнирде 5 рейтингтік ұпай жинады

Ақтөбелік палуан Мейрамбек Айнағұлов халықаралық турнирде 5 рейтингтік ұпай жинады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар айында Иран елінде «Тахти Кубогі» атты грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Оған 16 мемлекет пен Қазақстан Республикасы қатысқан болатын.

Өкінішке қарай, Мейрамбек Айнағұлов ирандық палуанға есе жіберді. Қола жүлдеге белдесу кезінде әзірбайжандық палуанды жеңген Мейрамбек Айнағұлов 5 рейтингтік ұпай жинады.

Палуан наурызда көршілес Қырғыз Республикасында өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастап кетті.

Пікір қалдырыңыз