Ақтөбе драма театрында Әуезовтің «Айман-Шолпаны» 500-ші рет сахналанғалы отыр

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясы 500-ші рет сахналанғалы отыр. Бұл туралы театр директорының орынбасары Жандос Еспанбетов хабарлады.

«Қойылымның тұсаукесері 1996 жылы 26 ақпанда режиссер Мағзом Бақытжановтың қоюымен өтті. Қоюшы суретшісі Петр Калининченко. Содан бері бұл қойылым жергілікті театрдың аса құнды дүниесі болып саналады. Қойылым, режиссер Дәметкен Құсайынованың қоюымен бірнеше рет қайта жаңартылды», — деді Еспанбетов.

Оның айтуынша, 1997 жылы Алматы қаласында өткен М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде «Айман-Шолпан» спектаклінде Қ.Балдаиров «Үздік екінші пландағы бейне» номинациясы жүлдесін жеңіп алды.

Алғашқы қойылымда рөлдерді сомдағандар: Айманды — Майра Ілиясова, Шолпанды-Тойғаным Махамбетова, Данила Әденова, Көтібар батырды — Қайрат Амантурлин, Маман байды — С. Аманқұлов, Әлібек байды — Серікбай Оразалин, Арыстан батырды — Бауыржан Ержанов.

 

Пікір қалдырыңыз