Қазақстанда теңдесі жоқ Smart Aqto’be орталығының эскиздік жобасы таныстырылды (ФОТО)


Биыл Ақтөбеде дарынды жастардың басын қосатын жаңа технологиялар орталығы салына бастайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде IT-орталықтың биыл салынатындығын мәлім етті. Оның сөзінше, жоба шығынының басым бөлігін қытайлық компания өз мойнына алмақшы.

Қала әкімі аппаратының жетекшісі Нұрлан Күнтуов жобаға қатысты жоспарларын айтып берді.

«Smart Aqto’be IT-парк сияқты болады. Мұнда ақпараттық салада бағдарлама жасайтын жастардың басы қосылады. Яғни Астана, Алматы және көршілес Ресейден де программистер шақырылады. Орталықта жаңа технологиялар ойлап табуға мүмкіндік бар, сондай-ақ пайда болған өнім сатылады. Сөйтіп, өңірге қаражат тартуға болады» — деді Нұрлан Күнтуов.

Оның айтуынша, орталықтың аумағы 5 гектарға дейін барады. Ал ішкі ауданы 7 мың шаршы метр. Сонымен қатар, құрал-жабдықтың құны 1,2 млрд. теңгеге бағаланып отыр.

Қазіргі таңда Smart Aqto’be-нің эскиздік жобасы дайын. Енді орталықтың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Ілияс Оразбаев, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз