Отставкадағы майор Ақтөбедегі Абайдың жалғыз ескерткішін ұлы ақынның атымен аталатын даңғылға ауыстыру туралы ұсыныс айтты


Ішкі істер саласында ұзақ жылдар қызмет қылған офицер Ақтөбе қаласында тасада қалған Абай ескерткішінің орнын ауыстыру туралы ұсыныс тастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Интернационал жауынгер, отставкадағы майор Төлеген Жақсылық үлкен отырыстардың бірінде Абай ескерткішінің тиісті орнында тұрмағанына қынжылыс танытты.

Төлеген Жақсылық

«Ақтөбеде Абай Құнанбаевтың жалғыз ғана ескерткіші бар. «Нұрдәулет» мешіті мен «Ақтөбе» қонақ үйінің арасында орналасқан ескерткіштің алдына бір шенеунік «Оптика» ғимаратын салып қойыпты. Ұлы ақынның бюсті көрінбей тасада қалды. Абайдың атымен аталған даңғыл бар, ескерткішті неге сол даңғылға қоймасқа?!, — деді Төлеген Жақсылық.

One thought on “Отставкадағы майор Ақтөбедегі Абайдың жалғыз ескерткішін ұлы ақынның атымен аталатын даңғылға ауыстыру туралы ұсыныс айтты

  • 29.01.2018 at 17:18
    Permalink

    Толеген Жаксылык мырща оте опынды маселе айткан,арине Абай дангылына адемилеп койыпгул шоктарымен толтырылып ,касына орвндыктар койса тамаша емес пе..
    Бул биздин Абай Кунанбаев атамызга деген улкен курмет леп тусинер елик..жана осип келе датырган жас урпакка ата аделери айта отырарма еди.Рахмет,сизге Толеген Жаксылык агай,бул оте орынды,жан ашырлык жасап,улкен мәселені алга койганыныз ушин

    Reply

Пікір қалдырыңыз