қаңтар 29, 2018

Ақтөбеде жұмыссыз жүрген əйелдердің еңбекке араласуына басымдық беріледі

Ақтөбе қаласында жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруға 700 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Биыл əйелдерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Биыл Ақтөбе қаласында 10 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарда бар. Жұмыспен қамту бағдарламалары аясында 1 мыңнан астам адам қысқамерзімді курстарға жіберіледі. Олар үш айда мамандық игеріп шығады. «Биыл 141 адамға шағын несие беріледі. Қала жəне ауылдық округ тұрғындары үшін 18 миллион теңгеге дейін ақша беру қарастырылған.

Халықаралық жолдың Ақтөбе облысындағы бөлігінде өртенген жүк көлігі бір сағатта әрең сөндірілді

«Самара-Шымкент» тас жолының бойында «DAF» маркалы жүк көлігі отқа оранды. Оқиға 28 қаңтар күні таңда болған. Көлік Алматыдан Мәскеуді бетке алған. Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіруге екі техника мен жеті адам жұмылдырылғанын хабарлайды. Тілсіз жау бір сағаттан соң сөндірілген. Зардап шегушілер жоқ. «Оқиға орнына дер кезінде көмек барды. Адам шығыны жоқ. Қазір өрттің себебі мен шығыны есептеліп жатыр», — деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінен. Жүк көлігі Мәскеуге тауар алып бара

Бердібек Сапарбаевқа сұрақтар мен ұсыныстар жолдауға болатын жәшіктердің мекенжайлары

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың халықпен есептік кездесуі 21 ақпанда сағат 11.00-де Өнер орталығында өтеді. Облыс әкімінің халықпен есептік кездесуіне жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер келесі мекенжайларда орналасқан: Ақтөбе қаласы № Орналасу орны Мекенжайы 1. Ақтөбе қ. әкімдігі Т. Ахтанов көшесі, 50 2. «Анвар»гипермаркеті К.Нокин көшесі, 34 3. «KeruenCity»СОҮ М.Мәметова көшесі, 4 4. «Нұрдәулет»СҮ Әбілқайыр хан даңғылы, 46 5. «Халықтық канцелярия» Сәңкібай батыр даңғылы, 249 6. Халыққа қызмет көрсету

Қазақстанда теңдесі жоқ Smart Aqto’be орталығының эскиздік жобасы таныстырылды (ФОТО)

Биыл Ақтөбеде дарынды жастардың басын қосатын жаңа технологиялар орталығы салына бастайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде IT-орталықтың биыл салынатындығын мәлім етті. Оның сөзінше, жоба шығынының басым бөлігін қытайлық компания өз мойнына алмақшы. Қала әкімі аппаратының жетекшісі Нұрлан Күнтуов жобаға қатысты жоспарларын айтып берді. «Smart Aqto’be IT-парк сияқты болады. Мұнда ақпараттық салада бағдарлама жасайтын жастардың басы қосылады. Яғни Астана, Алматы және көршілес Ресейден де программистер шақырылады. Орталықта

Ақтөбе қаласында 7 мыңнан астам қаңғыбас ит атылды

Ақтөбеде өткен жылы 7500-ден астам ит пен 420 мысықтың көзі жойылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде жан-жануарлардан құтырма ауруы жұғып, адамдардың зардап шегу дерегі тіркелген жоқ. Дегенмен, ит пен мысық жаралап, тырнап, тістеп алған дерек бар. «Ақтөбе қаласының емдеу мекемелеріне ит пен мысықтан, басқа да жануарлардан зардап шеккен 1200-ден астам адам тіркелді. Көбін ит тістеп алған. Сондықтан олардың әрқайсысына антирабияциялық екпе жасалды. Жануарлардан зардап шеккен 21 адам ауруханаға жатып, ем

Ақтөбеліктер қоғамдық көлік ішіндегі жыртылған орындықтардың суретін желіге салып жіберді

Ақтөбеліктер қоғамдық көліктің қызмет көрсету сапасына жиі сын айта бастады. №14 бағыттағы автобус ішіндегі орындықтар жартылып, жарамсыз күйге түскен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбеде қоғамдық көлік тасымалы қызметін екі компания атқарады. Бірі «Автопарк» ЖШС, екіншісі «Жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС. Соңғысының құрылтайшысы – қалалық әкімдік. Автобустар паркін жаңарту мақсатында бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлініп, оған 40 автобус сатып алынды. Дегенмен өңірде қоғамдық көлік тасымалына қатысты сын жиі айтылады. Мәселен, ақтөбеліктрдің бірі

Отставкадағы майор Ақтөбедегі Абайдың жалғыз ескерткішін ұлы ақынның атымен аталатын даңғылға ауыстыру туралы ұсыныс айтты

Ішкі істер саласында ұзақ жылдар қызмет қылған офицер Ақтөбе қаласында тасада қалған Абай ескерткішінің орнын ауыстыру туралы ұсыныс тастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Интернационал жауынгер, отставкадағы майор Төлеген Жақсылық үлкен отырыстардың бірінде Абай ескерткішінің тиісті орнында тұрмағанына қынжылыс танытты. «Ақтөбеде Абай Құнанбаевтың жалғыз ғана ескерткіші бар. «Нұрдәулет» мешіті мен «Ақтөбе» қонақ үйінің арасында орналасқан ескерткіштің алдына бір шенеунік «Оптика» ғимаратын салып қойыпты. Ұлы ақынның бюсті көрінбей тасада қалды. Абайдың атымен