қаңтар 26, 2018

Ақтөбе облысында өртенген автобустың жүргізушісі 2 айға қамауға алынды

Прокуратура автобус жүргізушісі Нұржан Қырғызбаевты күдікті деп таныды. Сот санкцияны қанағаттандырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгін, №2 қалалық сотқа 18 қаңтар күні өртеніп кеткен автобустың жүргізушісі әкелінді. Ауруханадан шыға салысымен қолына бірден кісен тағылған жүргізуші Нұржан Қырғызбаев күдікті ретінде танылған. Прокурордың сөзінше, жүргізуші қауіпсіздік ережелерін орындамаған. Яғни өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзып, дәнекерлейтін шамды пайдаланған. «Қырғызбаев Нұржан — басқа облыс тұрғыны, сондай-ақ, қылмыстық әрекеттен 52 адамның қаза болуын назарға алу қажет. Егер ол

Бердібек Сапарбаев барлық әкімдерге орамал мәселесін үш айда жоюға тапсырма берді

Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев барлық әкімдерге орамал мәселесін үш айда жоюға тапсырма берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, мектеп формасын сақтамай жүрген оқушылардың саны 396-дан 197-ге дейін кеміген. «Бұл мәселе бойынша Мұғалжар, Темір аудандары және Ақтөбе қаласы жақсы жұмыс істеді. Дегенмен, бұл мәселе күрделі болып тұр. Аталған аудандармен қоса Алға, Шалқар, Қарғалы, Хромтау және Қобда аудандарының әкімдері бұл мәселеге ерекше назар аударулары қажет», —

Ақтөбеде өртеніп кеткен автобусқа қатысты қылмыстық істі үш бірдей прокуратура бақылайтын болды

Ақтөбеде 52 бірдей жолаушысы өртеніп кеткен автобус жүргізушілері жауапқа тартылып жатыр. «Самара-Шымкент» тас жолының бойында тіркелген қайғылы жол оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыс прокурорлары қылмыстық істі үш бірдей прокуратураның басшылыққа алынатынын хабарлады. «Нақты деректермен аталған қылмысқа үш жүргізушінің де қатыстылығы анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында отыр. Қылмыстық істі қадағалауды бас прокуратура басшылыққа алады. Іс Ақтөбе жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокурорларына жүктелді,» — деп хабарлайды Ақтөбе облыстық прокуратурасынан бірінші басқарма

Ақтөбеде газ ұрлығына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр

Ақтөбеде сұйытылған газды шетел асырмақ болған топқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Барлығы 8 айыпталушы Қылмыстық кодекстің «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша жауап береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қалалық сотында айыпталушы Арман Сыздықов, Синап Алданаев, Елдос Мұханбетжан, Есен Тоқмурзин, Ерлан Мұстафин, Камилли Тулегенов, Бақытжан Тлепов, Берік Есеновке қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Оларға Қылмыстық кодекстің «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша айып тағылды. Айыпталушы Берік Есеновтың қорғаушысы қылмыстың белгілері болмауына байланысты істі

Өзбекстан ел аумағынан шығатын автобустарды тексермек

Өзбекстан билігі республика аумағынан көлікпен жолға шығатын ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін комиссия құрды, деп хабарлайды Азаттық. Комиссияны Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов басқарады. Биліктің мәлімдеуінше, 1 ақпаннан бастап ел аумағынан тыс жолаушылар таситын автобустар мен микроавтобустардың техникалық жай-күйін тексермек. Өзбекстан мұндай шараны көршілес Қазақстанның Ақтөбе облысында жолда автобуста болған қайғылы жағдайдан кейін қолға алып отыр. 18 қаңтарда Ақтөбеден 320 километр қашықта Өзбекстаннан Ресейге еңбек мигранттарын тасымалдайтын автобус өртеніп,

Былтыр Ақтөбе облысында 25 бала өз-өзіне қол жұмсаған

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев мәлімдеді. «Өткен жылы 25 жасөсіпірім суицидке ұмтылыс жасаған. 10 бала қайтыс болды. Қаза болғандардың төртеуі Ақтөбе қаласынан, екеуі — Мәртөк, екеуі — Хромтау, біреуі — Шалқар, біреуі — Темір ауданынан», — деді Ербол Нұрғалиев.

Самат Смақов: Ақтөбе футболын көтеріп, команданы өз биігіне қайта әкелу үшін жұмыс істейміз

«Ақтөбе» ФК бас директоры Самат Смақов еңбек шартына қол қойып, қызметке тағайындалғаннан кейін клубтың қазіргі жәй-жапсары, қарыздары мен жоспарлары туралы айтып берді. Самат Кабирұлы, біріншіден, біз сізді жаңа қызметіңізбен құттықтаймыз. Құқықтық мәселелер оңынан шешіліп, сіз «Ақтөбе» ФК бас директоры ретінде келісімшартқа қол қойдыңыз. Сізді қаңтар айының басында көпшілікке таныстырғалы бері тек бүгін ғана ресми тағайындалдыңыз. Қандай әсердесіз? — 5 қаңтар күні мен директор ретінде таныстырылғаныммен, осы уақытқа дейін менің қолымда