қаңтар 25, 2018

Ақтөбеде подъездерде түнеп жүрген жүкті әйел Аналар үйіне орналастырылды

Барар жері болмай көпқабатты тұрғын үйлердің подьездерін түнеген Татьяна Экштейн Ақтөбедегі Аналар үйінен жылу тапты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «3 қаңтардан бастап көшеге түнеп жүрген. Құжаттары да жоқ. Бізге Дина есімді әйел адам әкеліп орналастырды. Қазіргі таңда барлық тиісті органдар телефон соғып сұрап жатыр. Ешқандай құжаты болмағаннан кейін қабылдауға құқым жоқ болатын, негізі. Бірақ, далаға тастай алмадық. Келгесін жуындырып, алғашқы көмек көрсеттік. Психологтарымыз жұмыс жасап жатыр», — дейді орталық басшысы

Шығыс Қазақстанда 30 адам жолда үсіп қала жаздады

Алматыдан Зайсанға қайтып келе жатқан автобус Аягөз қаласынан 40 шақырым жерде аяздың кесірінінен бұзылып, жолда тоқтап қалған, деп хабарлайды BNews.kz ustinka.kz-ке сілтеме жасап. Жолаушыларға көмекке құтқарушылар мен полицейлер келген. «Кешкі сағат ондарда құтқару қызметіне хабарлама түсіп, жолда автобустың бұзылып қалғандығы айтылды. Полицейлер келіп жеткенше, әкімдік қызметкерлері автобус апарып, жолаушыларды сонда отырғызды. Ал жолай өтіп жатқан автобус жолаушыларды жақын маңдағы кафелердің біріне дейін жеткізіп салды. Екі жүргізушіні полицейлер апарды», — деді

Цифрландырудың арқасында Қазақстан экономикасы 30% өсуі керек – Назарбаев

Кездесуде Мемлекет басшысына «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және бұған дейін берілген тапсырмаларды орындау үшін атқарылған шаралар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. «Цифрландырудың арқасында Қазақстан экономикасы 30 пайызға өсуі керек, ол ақшаға шаққанда 2 триллион теңгеден асады», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жинақталған тәжірибе мен құзыреттілікті сақтау үшін цифрландыру саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру мәселелерін саралауға отандық бизнестің қатысуы

Ілияс Испанов халықпен қашан кездеседі?

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындарыректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласы әкімінің есепті кездесулері өтеді. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың 2017 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесулерінің КЕСТЕСІ № Өткізу күні мен уақыты Өткізу орны 1. 29.01.2018 (дүйсенбі) сағ. 15.00 Благодар ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесуі Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжі 2. 30.01.2018 (сейсенбі) сағ. 15.00

Біз америкалық бизнес "капитандарымен" нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік – Назарбаев

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Bnews.kz. Жиында Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының нәтижелері мен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қарастырылды. «Біз бүгін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысын, соның ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен, Вице-Президент Майкл Пенспен, басқа да басшылармен өткен келіссөздердің нәтижелерін талқылаймыз. Сондай-ақ, еліміздің мүддесі үшін бұл уағдаластықтардың орындалуына септігін тигізетін шараларды қарастыру қажет»,

Ақтөбеде автобус өртінен аман қалған жүргізушілер ауруханадан шығарылды

Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған 5 адамның үшеуі ауруханадан шығарылды. Қазір екі Өзбекстан азаматы ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған 5 адам бір апта бойы облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдады. Аурухананың бас дәрігері Рақымжан Арыстанның хабарлауынша, прокуратура үш Қазақстан азаматын алып кетті. Олардың бәрі өртеніп кеткен автобустың жүргізушілері. «Прокуратура үш адамды шығарып алды. Олардың бәрі Қазақстан азаматы. Ал екі Өзбекстан азаматы әлі ауруханада жатыр.

Нұрлы жол: Биыл Ақтөбеде 9 мектептің құрылысы жалғасады

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 19 білім ордасының құрылысы жүрді. Өткен жылы 10 мектеп пайдалануға беріліп, биыл 9 білім ордасының құрылысы жалғасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысында үшауысымды, апатты жағдайдағы мектептерді жою мақсатында білім ордаларын салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында білім ошақтарын салу үшін 13 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, игерілді. Батыс-2 ауданында екі мектеп пайдалануға беріліп, Кеңес Нокин ауылында 320 орынды білім ордасы