Ақтөбе облысында қалаға емес, ауылға ұқсайтын Темір өз мәртебесінен айырылуы мүмкін

Ақтөбе облысындағы Темір қаласы өз статусынан айырылады. Себебі, мұнда өндіріс жоқ, қала ауыл секілді кейіпке енген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында 6 шағын қала бар. Ақтөбе облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы әрқайсысына мониторинг жасап, Темір қаласын қатардан шығаруға ұсыныс берді.

«Министрліктерге бірнеше хат жіберілді. Темір қаласының әлеуеті өте төмен. Онда бірде-бір өндіріс ошағы жоқ. Қала, селолық округ әкімдігімен кездесулер өткізіп, шағын қалалар тізімінен алып, қаланы село деп атау қарастырылып жатыр. Ұсыныс берілді», — деді Ақтөбе облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Жеңісбек Ақбергенов.

фото: avestnik.kz

Пікір қалдырыңыз