қаңтар 24, 2018

«Ақтөбе» футбол клубы өткізген жолдастық кездесулерінде есе жіберді

Түркия елінде өткізіліп жатқан оқу жаттығу жиыны кезінде өткізілген жолдастық кездесулерде ақтөбелік аяқдопшылар қарсыластарына басымдық берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. “Ақтөбе” футбол клубы жоспар бойынша оқу-жаттығу жиынында төрт жолдастық кездесу өткізуі тиіс еді. Алайда алғашқы қарсыласы ойыннан бас тартуына байланысты келесі кездесу албандық «Скендбербеу» командасымен өткізілді. Ойын бір ұпай айырмашылығымен Скендербеудің жеңісімен аяқталды. Чемпионат аяқталғаннан бері алғашқы матч екенін ескерер болсақ, нәтиже жаман емес деп айтуға болады, оған қоса біздің

79 жастағы ақтөбелік мұз айдынына конькимен шығып, хоккей ойнады

Әйтеке би ауданына қарасты ауылдардың бірінде жаңа хоккей алаңының ашылуы кезінде егде тартқан қарттың мұз үстіндегі қимылы жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында ашылып жатырған хоккей алаңына 79 жастағы зейнеткер қарт Валуев Владимир Иванович те қатысып, салтанатты жағдайда лентасын қиды. Өзінің хоккей таяғымен мұз айдынының алғашқы шайбасын соқты. Ауыл құрамасының бұрынғы үздік ойыншысы әлі де ширақ екенін тағы бір дәлелдеді. Әйтеке би ауданының әкімдігінен хабарлағандай,

Ақтөбе облысында қалаға емес, ауылға ұқсайтын Темір өз мәртебесінен айырылуы мүмкін

Ақтөбе облысындағы Темір қаласы өз статусынан айырылады. Себебі, мұнда өндіріс жоқ, қала ауыл секілді кейіпке енген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысында 6 шағын қала бар. Ақтөбе облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы әрқайсысына мониторинг жасап, Темір қаласын қатардан шығаруға ұсыныс берді. «Министрліктерге бірнеше хат жіберілді. Темір қаласының әлеуеті өте төмен. Онда бірде-бір өндіріс ошағы жоқ. Қала, селолық округ әкімдігімен кездесулер өткізіп, шағын қалалар тізімінен алып, қаланы село деп атау

Бердібек Сапарбаев мұнайшыларға: Сіздердің қорғаушыларың бар екенін білдіртуге келдік

Ақтөбе облысының әкімі мұнайшылардың жалақысын кемінде 15 пайызға өсіру жөнінде талап қойды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгін, 24 қаңтар күні өңір басшысы Бердібек Сапарбаев «СНПС – Ақтөбе көлік компаниясы» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті. Ондағы қаралған басты мәселе — ұжымдық келісімге сәйкес, жұмысшы орындарының қысқармауы, жұмыс қарқынының төмендемеуі. Бердібек Сапарбаев аталған компаниядан тек қана «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» емес, сондай-ақ, басқа да кәсіпорындарға қызмет етуін сұрады. «Сіздерде техника жетеді. Жұмыстың басқа да түрін іздеу керек.

Ақтөбеде қалааралық, халықаралық жолаушылар тасымалдайтын автобустар тексеріліп жатыр

Ақтөбеде автобустарды бақылау тәртібі күшейді. Көліктік бақылау инспекциясы «Самара-Шымкент» бағытындағы автобустардың құжаттарын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе облысындағы қайғылы жағдайдан соң бірнеше мемлекеттік мекеме жедел-алдын алу жұмысын ұйымдастырып жатыр. Бүгін көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері полицейлермен бірге жолға шықты. Арнайы топ қалааралық, халықаралық жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустарды тоқтатып, тексерді. «Ақтөбеде «Автобус» алдын алу шарасы өтіп жатыр. Акция аясында жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустардың құжаты тексеріледі, тасымалдаушыларға бақылауды күшейтеміз. Оның техникалық,

Бердібек Сапарбаев «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясынан IT-орталық салып беруді сұрады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қытайлық компания «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» бас директоры Ван Цзюньжэньге IT-орталықтың дайын жобасын көрсетті. Бүгін, 24 қаңтар күні өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде мұнай өндірумен айналысатын компанияның жұмысшыларымен кездесті. Әкім компанияның бір жылда атқарған жұмысына риза болды. 2017 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» серіктестігінің құрылтайшылары Ақтөбе өңіріне 100 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйған. Газ тасымалдауда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізген. 5 млрд. 105 млн. куб метр газ алынды. Сондай-ақ, компания жұмысшыларына тегін тамақ

Қатты соққан жел салдарынан Байғанин ауданының тұрғындары жарықсыз қалды

Сәрсенбіге қараған түні Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетіп, электр сымдары істен шығып қалды. Бұл туралы Aktobenews.kz тілшісіне аудан әкімінің орынбасары Базарбек Боранбай хабарлады. Редакцияға қоңырау шалған Қарауылкелді ауылы тұрғындарының айтуынша, жел соққан сайын үйлер электр жарығынсыз қала береді. «Үйде бала-шағамыз бар. Кішкене жел болса, сымдар үзіліп қалады, жарықсыз отырамыз. Кешегі қатты желдің кезінде үйдің іші суып кетті. Бірінші рет емес, үнемі осылай болады. Билік өкілдері