Жанар Айжанова өзінен аумайтын адамның суретін көрсетті

Танымал әнші, актриса, тележүргізуші Жанар Айжанова өзінен аумайтын адамның суретін көрсетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол суретті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Егізбіз десем сене ме екен. Арамыз екі жас, Әлия ит көйлекті менен бұрын тоздырған. Бояуы маған қарағанда ашықтау. Анда-санда домбырада және жездеміздің нервісінде ойнап қояды», — деп жазған Жанар Айжанова.

Instagram қолданушылары да екеуінің бір-біріне қатты ұқсайтынын айтып, пікірлер қалдырып жатыр: «Осындайда ұқсастық болады екен ғой», «Аллаһ сақтасын, аумайсыңдарғой бір біріңізден…вот это геееныыыы….егізсіз», «Причёска жəне макияжды бірдей істесе,бір адамдай болады екенсіңдер!».

Пікір қалдырыңыз